Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Геральдикалық зерттеулер орталығы мен «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат екі мекеме арасындағы ғылыми-зерттеу және мәдени-ағартушылық бағыттағы байланысты нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны зерделеу мен насихаттауға, геральдика және музей ісі салаларындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Ынтымақтастық аясында ғылыми-әдістемелік іс-шаралар, конференциялар мен семинарлар өткізу, мамандар арасында тәжірибе алмасу, тарихи-мәдени мұра нысандарына қатысты геральдикалық зерттеулер жүргізу және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру көзделеді.
Түркістан – қазақ мемлекеттілігі мен тарихи-мәдени мұрасының маңызды орталықтарының бірі. Осы бағыттағы әріптестік отандық геральдика ғылымын дамытуға және ұлттық тарихи мұраны жаңа қырынан зерделеуге мүмкіндік береді.
Тарихи мұраны сақтау – ортақ міндет, оны ғылыми тұрғыдан зерделеу – ортақ жауапкершілік.




