Жаңалықтар

Түркістанда мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау мәселелері жөнінде семинар өтті

Түркістан қаласында мемлекеттік рәміздерді пайдалану, орналастыру және насихаттау бағытындағы жұмыстарды жетілдіруге арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Геральдикалық зерттеулер орталығының өкілдері, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшылығы, Қоғамдық даму басқармасының жауапты мамандары, сондай-ақ аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары, ішкі саясат және білім бөлімдерінің қызметкерлері қатысты.

Семинар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және Мемлекеттік Әнұранын қолдану мен орналастыру тәртібі, заңнама талаптарын сақтау, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді насихаттау мәселелері талқыланды. Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мемлекеттік рәміздерді қолдану саласындағы негізгі талаптарды түсіндіріп, оларды орналастыру кезінде жиі кездесетін кемшіліктер мен олардың алдын-алу жолдарына тоқталды. Семинар – жауапты мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, мемлекеттік рәміздерді пайдалану талаптарын біріздендіруге және өңірде оларды насихаттау жұмыстарын күшейтуге бағытталды.