Жаңалықтар

Қазақстанда мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері марапатталды

Бүгін, Ұстаздар күні, мәдениет саласындағы білім беру ұйымдарының педагогтері кәсіби жетістіктері, көп жылғы еңбегі және болашақ мамандарды даярлауға қосқан үлесі үшін ведомстволық наградалармен марапатталды.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық наградалары 25 педагогке табысталды. Атап айтқанда, 5 оқытушы «Еңбек ардагері» медалімен, 4 педагог Ы.Алтынсарин атындағы медальмен, 9 педагог «Білім беру саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Тағы 7 педагогке «Құрмет грамотасы» берілді. Сонымен қатар 38 педагог ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградаларына ие болды.