Жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Оман Сұлтаны бір-бірін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы — «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевқа Оман Сұлтандығының ең жоғары мемлекеттік наградасы — Әл Саид орденін табыстады.

Жоғары мемлекеттік наградалардың табысталуы Қазақстан мен Оман арасындағы достық байланыстар мен өзара ынтымақтастықтың маңызын айқындайды.

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және өзара тиімді серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.