Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидты Қазақстанның жоғары мемлекеттік наградасы — «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.
Өз кезегінде Хайсам бен Тариқ Әл Саид Қасым-Жомарт Тоқаевқа Оман Сұлтандығының ең жоғары мемлекеттік наградасы — Әл Саид орденін табыстады.
Жоғары мемлекеттік наградалардың табысталуы Қазақстан мен Оман арасындағы достық байланыстар мен өзара ынтымақтастықтың маңызын айқындайды.
Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту және өзара тиімді серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды.
