Геральдикалық зерттеулер орталығы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттерімен «Мемлекеттік рәміздер: дәстүр, құрмет және жауапкершілік» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жастардың мемлекеттік рәміздер туралы білімін тереңдету, оларды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің азаматтық ұстанымы мен елжандылық сезімін нығайту.
Дебат барысында студенттер мемлекеттік рәміздерді насихаттаудың тиімді тетіктері, оларға қатысты жауапкершіліктің әділдігі және тауар өнімдерінде рәміздердің бейнелерін пайдалану сынды түйткілді мәселелерді ортаға салды.
Іс-шара соңында азаматтық ұстанымын көрсетіп, терең сыни ойларымен ерекшеленген білім алушылар алғыс хатпен және естелік сыйлықпен марапатталды.
