Qadam School мектебінде мемлекеттік рәміздерге арналған танымдық семинар өтті
Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Qadam School мектебінің оқушыларына арналған танымдық семинар өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің символдық ерекшеліктері, ондағы бейнелер мен элементтердің мәні түсіндірілді. Оқушылар ел нышандарының қалыптасу тарихы, ұлттық болмысты айқындаудағы рөлі мен қоғамдық маңызы туралы ақпарат алды.
Мемлекеттік рәміздер – ел тарихын, ұлттық құндылықтар мен тәуелсіздік идеясын біріктіретін маңызды нышандар. Оларды құрметтеу және мән-мағынасын терең түсіну – өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіндегі маңызды бағыттардың бірі.
Осындай танымдық кездесулер оқушылардың мемлекеттік рәміздер туралы білімін кеңейтіп, ел нышандарына деген құрметін арттыруға ықпал етеді.
