Жаңалықтар

Республика күні қарсаңында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің алдындағы алаңда «Менің елім – менің болашағым» атты патриоттық флешмоб өтті.

Республика күні қарсаңында Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінің алдындағы алаңда «Менің елім – менің болашағым» атты патриоттық флешмоб өтті.

Флешмобқа мыңға жуық жас қатысып, еліміздің болашағына үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді. Патриоттық акция фортепиано мен ансамбльдің музыкалық сүйемелдеуімен өтті.

Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының көлемі 14×7 метр болатын Мемлекеттік Туын жайып, флешмобты Мемлекеттік Әнұранды бірлесе орындаумен қорытындылады.