Жаңалықтар

Нью-Йорк қаласының тарихи орталығында, Уолл-стрит көшесінде Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Нью-Йорк қаласының тарихи орталығында, Уолл-стрит көшесінде Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараға Нью-Йорк мэриясының өкілдері, қазақ диаспорасы, іскерлік және студенттік қауымдастық өкілдері, сондай-ақ шет мемлекеттердің дипломаттары, Қазақстан Республикасының БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі мен Қазақстан Республикасының Бас консулдығының өкілдері қатысты.