Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында мектеп оқушыларына арналған ақпараттық-танымдық экскурсия өтті. Бұл экскурсияны Геральдикалық зерттеулер орталығы Конституцияның 30 жылдығына орай ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында отансүйгіштік рухты нығайту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен Ата Заңына құрметті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар оқушыларды азаматтық жауапкершілікке, патриоттық сезімге баулу көзделді.
Экскурсияға Астана қаласында орналасқан №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының оқушылары мен ұстаздары қатысты. Оларға Президенттік музейдегі ерекше экспонаттар таныстырылды. Оның ішінде еліміздің бас қаласындағы ең үлкен Елтаңба мен ғарышкер Талғат Мұсабаевтың ғарыш айлағына бірге алып ұшқан мемлекеттік Туы да бар. Дәріс барысында ҚР Президенттік орталығы мамандары мемлекеттік рәміздер мен ұлттық тарихқа қатысты құнды деректермен бөлісті.
Сондай-ақ іс-шараға мұрындық болған №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының ұжымына алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табысталды.



