Грек-рим күресінен әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақ дәрежесінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль алды. Хорватия астанасының қақ төрінде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалды.
Тәжірибелі балуан араға біраз жыл салып, Бахтияр Байсейітов, Мхитар Манукян сынды спортшылардың жеңісті жолын жалғады. Бахтияр Байсейітов 1998 жылы, Мхитар Манукян 1999 жылы әлем чемпионы атанған.
Айдос Сұлтанғали бұған дейін де байрақты бәсекелерде топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүрген спортшы. Осы жолы әлем чемпионы атанып, мемлекеттің мерейін үстем етті. Жеңіс құтты болсын!

