Автор: Геральдикалық зерттеулер орталығы

16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні 

Бұл күн – халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құндылықтарын, бай мәдени мұрасын және ата-бабадан аманат болып жеткен салт-дәстүрлерін дәріптейтін ерекше мереке. Ұлттық мәдениет пен дәстүр – ұлттың болмысын айқындайтын, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын асыл қазына. Осы мерейлі күнде баршаңызға зор денсаулық, амандық, шығармашылық табыс тілейміз! Ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз мәңгі жасап, ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығына айнала […]

CONTINUE READING 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні  1 min read

Геральдикалық зерттеулер орталығы мамандары азық-түлік қораптарын таратты

15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары азық-түлік қораптарын таратты.  Әрбір игі іс, әрбір шынайы көмек адамдардың өміріне үміт сыйлап, қоғамдағы ізгілік пен сенімді арттыра түсетіні анық.  Қайырымдылық күні – адамдарды бір-біріне көмек көрсетуге, мейірімділік пен жанашырлық танытуға үндейтін ерекше күн.

CONTINUE READING Геральдикалық зерттеулер орталығы мамандары азық-түлік қораптарын таратты 1 min read

15 наурыз – Қайырымдылық күні

Баршаңызды Қайырымдылық күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Қайырымдылық – халқымыздың қанында бар асыл қасиет, адамгершілік пен ізгіліктің жарқын көрінісі. Бұл күн – мейірімділік танытып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қоғамдағы өзара жанашырлық пен бірлікті нығайтатын ерекше мереке. Осы игі мереке мейірім мен береке әкелсін!

CONTINUE READING 15 наурыз – Қайырымдылық күні 1 min read

Мемлекеттік Туды Миланда желбіретті

Ербол Хамитов Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Отандасымыз пара биатлон жарысында жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ербол Хамитов 4,5 шақырымдық із кесу жарысында (отырып жарысу санаты) үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды. Жарыста қара үзген жеңімпаз украиналық Тарас Радты, қытайлық Цзысюй Люді шаң қаптырды. Айта кетейік, бұған дейін Ербол Хамитов […]

CONTINUE READING Мемлекеттік Туды Миланда желбіретті 1 min read

14 наурыз – Көрісу күні

Көрісу күні құтты болсын! Баршаңызды қазақ халқының ежелгі дәстүрі – Көрісу күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күні адамдар бір-бірімен қауышып, амандасып, өткен өкпе-реніштерін ұмытып, ақ тілектерін арнайды. Көрісу – татулықтың, сыйластықтың және адамгершіліктің белгісі. Осы айтулы күні әр шаңыраққа амандық, молшылық пен береке тілейміз. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, бірлігіміз нығая берсін! Көрісу күні құтты […]

CONTINUE READING 14 наурыз – Көрісу күні 1 min read

  Амал мерекесі тойланды

              Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – Амал мерекесінің тарихи және мәдени маңызын кеңінен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы ізгілік пен бірлік идеяларын насихаттау. Амал мерекесі – адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасу арқылы татулықты, бауырмалдықты және өзара құрметті нығайтатын ежелгі дәстүрлердің бірі. Бұл […]

CONTINUE READING   Амал мерекесі тойланды 1 min read

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мониторинг жүргізді

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Астана қаласының Сарайшық ауданында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында мамандар аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекеме, ұйым ғимараттарына арнайы барды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының орналастырылу тәртібі мен жай-күйі тексерілді. Кейбір мекеме әкімшілігіне тозығы жеткен немесе талапқа сай келмейтін мемлекеттік рәміздерді ауыстыру керектігі айтылды.

CONTINUE READING Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мониторинг жүргізді 1 min read

8 наурыз – «Менің Қазақстаным» әніне жан бітірген Жамал Омарованың туған күні

Қазақстанның халық әртісі Жамал Омарова 1912 жылы 8 наурыз күні дүниеге келген. Ол Мемлекеттік Әнұранға айналған «Менің Қазақстаным» әнін алғаш орындаған өнер иесі. Ол бұл әнді осыдан 70 жыл бұрын шырқады. Жамал Омарова ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан тұлға. Ол Ташкент педагогикалық училищесінде оқыған. Музыкалық драмалық спектакльдердегі Мақпалдың, Қамқаның, Айманның образын жасады. Оның репертуарында […]

CONTINUE READING 8 наурыз – «Менің Қазақстаным» әніне жан бітірген Жамал Омарованың туған күні 1 min read

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Аяулы аналар, ардақты арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – өмірдің шуағы, отбасының берекесі, қоғамның көркісіздер. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз мейірім мен бақытқа толы болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Көктемнің әр күні сіздерге қуаныш, шаттық және жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

CONTINUE READING 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 1 min read

Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады. Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған. 2006-2011 жылдары — «Деловая неделя» газетінде […]

CONTINUE READING Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды 1 min read