Автор: Геральдикалық зерттеулер орталығы

Астанада Ербол Шаймерденовты еске алуға арналған  «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті

Бүгін Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен  тұңғыш рәмізтанушы, публицист-жазушы, ақын  Ербол Шаймерденовты еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті. Алқалы жиын Ербол Шаймерденовтың мол мұрасын насихаттау, мемлекеттік рәміздерге деген терең танымды арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Конференцияға депутаттар, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар,  сонымен қоса мәдениет саласының қызметкерлері […]

Толығырқ Астанада Ербол Шаймерденовты еске алуға арналған  «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті 1 мин оқу үшін

Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ведомстволық наградалардың бірыңғай стандартын және тізімін әзірлеу жөніндегі мәселені талқылады.   Басқосуда Мәдениет және ақпарат министрлігі ведомстволық наградаларды қолдану және жетілдіру үшін […]

Толығырқ Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті 1 мин оқу үшін

Көкшетауда рәміздердің қоғамдағы рөлі мен қолдану тәртібі жөнінде дәріс өтті

Рәміздер күні қарсаңында Көкшетау қаласының №1 құрылыс техникалық колледжінде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» мамандарының қатысуымен ақпараттық-танымдық семинар өтті.Іс-шараға облыстық білім басқармасының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ мектеп ұстаздары қатысты.Дәрістің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, отаншылдық рухты дәріптеу, ұлттық нышандардың тарихы жайлы тың ақпараттар беру. Семинарда ҚР […]

Толығырқ Көкшетауда рәміздердің қоғамдағы рөлі мен қолдану тәртібі жөнінде дәріс өтті 1 мин оқу үшін

Геральдикалық зерттеулер орталығы Достық үйінде ақпараттық-танымдық семинар өткізді

                                                  Бүгін Достық үйінде Рәміздер күні қарсаңында «Геральдикалық зерттеулер орталығы» «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері мен елордалық студенттер қатысты. Жиын барысында спикерлер мемлекеттік рәміздердің мәні мен мазмұны жайында ой бөлісіп, […]

Толығырқ Геральдикалық зерттеулер орталығы Достық үйінде ақпараттық-танымдық семинар өткізді 1 мин оқу үшін

«Геральдикалық зерттеулер орталығының» мамандары ҰҚК мемлекеттік шекара қызметінде семинар өткізді

«Геральдикалық зерттеулер орталығының» мамандары “ҚР ҰҚК Шекара қызметі” республикалық мемлекеттік мекемесінде семинар өткізді. Дәріске ҚР Қарулы Күштерінің Қазақстанның әскери полициясы мен Бас прокуратура өкілдері де қатысты. Жиында «Тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар басқармасы» бастығының орынбасары, подполковник Данияр Cатарбаев мемлекеттік рәміздердің ел өміріндегі мәні мен маңызын атап өтті. Семинарда мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, қолдану тәртібі мен жауапкершілігі […]

Толығырқ «Геральдикалық зерттеулер орталығының» мамандары ҰҚК мемлекеттік шекара қызметінде семинар өткізді 1 мин оқу үшін

Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталды

1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталады. Биылғы іріктеудің басты жаңалығы — үміткерлерге арналған квотаның әр түрлі сала бойынша жеке бөлінуі. Бұған дейін 60 мыңнан астам жас өз бағын сынап көрсе, соның тек 400-і резервке өткен. Бүгінде олардың 80 пайызы түрлі салаларда жауапты қызметтер атқарып жүр. Бұл жоба биыл төртінші рет ұйымдастырылып […]

Толығырқ Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталды 1 мин оқу үшін

БІР ӘҢГІМЕ ЖАЗЫП, БІР ЖӘШІК КІТАП ҰТЫП АЛ!

Балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық «Ұлан» газетінің 95 жылдығына және көрнекті ақын, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына орай «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесімен бірлесе «Туған жерім менің, Қазақстаным» атты республикалық әңгімелер байқауын жариялайды. Байқаудың мақсаты – балаларды отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу, ел тарихына ізденісін арттыру, Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығы (поэзия, […]

Толығырқ БІР ӘҢГІМЕ ЖАЗЫП, БІР ЖӘШІК КІТАП ҰТЫП АЛ! 1 мин оқу үшін

Мемлекет басшысы мәдениет пен өнер саласының қызметкерлерін марапаттады

Бүгін Ақордада мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың ел руханиятына қосқан үлесіне жоғары баға берді. Мемлекет басшысы қазақ өнерінің әлемдік деңгейге көтеріліп келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, отандық музыканттар мен киногерлер халықаралық сахналарда танылып, жоғары бағаланып жүр. Ұлттық […]

Толығырқ Мемлекет басшысы мәдениет пен өнер саласының қызметкерлерін марапаттады 1 мин оқу үшін

Рудныйда мемлекеттік рәміздер экспозициясы ашылды

Рудный қаласының орталығында 20 метрлік ту бағанасы мен елдік нышандардан құралған ерекше композиция ашылды. «Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атауымен өткен бұл шара Отан қорғаушылар күні мен Жеңістің 80 жылдығына арналған. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанна Жаңбыршинаның айтуынша, бұл жоба жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында қолға алынған. Салтанатты […]

Толығырқ Рудныйда мемлекеттік рәміздер экспозициясы ашылды 1 мин оқу үшін

Геральдикалық зерттеулер орталығының бас сарапшысы “Бір ел – бір мүдде” отырысына қатысты

Бүгін, 16 мамыр күні ҚР Парламенті Сенатында «Бір ел – бір мүдде» депутаттық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Іс-шараға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев қатысып, жиын «Бір ел – бір мүдде: бейбітшілік пен өркендеу жолында» тақырыбында өрбіді. Отырыста Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясын 2030 жылға дейін дамыту жөніндегі тұжырымдамасын әзірлеу тапсырмасы кеңінен талқыланды. Мәулен Әшімбаев […]

Толығырқ Геральдикалық зерттеулер орталығының бас сарапшысы “Бір ел – бір мүдде” отырысына қатысты 1 мин оқу үшін