Иордания, Амман қаласы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстады. Президент марапаттау рәсімінде сөйлеген сөзінде Қазақстан мен Иордан Хашимит Корольдігінің арасында берік серіктестік қатынастар орнағанын, Король ІІ Абдалланың қазақ-иордан байланыстарын нығайтуға елеулі үлес қосқанын атап өтті. – Ұлы Мәртебелі Королдің айнымас ниетінің арқасында […]
Автор: Геральдикалық зерттеулер орталығы
Алматы облысының әкімдігі өңірлік нышан жобасын әзірлеу бойынша байқау жариялайды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 30 қазандағы № 503-НҚ бұйрығымен бекітілген Өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидаларына сәйкес, Алматы облысының өңірлік нышанын әзірлеу үшін өтініштер 3 ай мерзімде (2025 жылғы 17 ақпан – 2025 жылғы 17 мамыр аралығында) қабылданады: Өңірлік нышан жобасына қойылатын талаптар: Жобаны әзірлеу: – қоғамдық келісім мен жалпы ұлттық бірлікті нығайту, – геральдикалық белгілерді […]
Батыр Әлияның 100 жылдығына арналған логотип бекітілді
Логотипте Әлияның бейнесі, қазақтың ұлттық оюы мен «100 жыл» деген белгі ерекше үйлесім тапқан. Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл. Атаулы датаға орай мерейтойлық логотип бекітілді. Логотип – батыр рухына деген тағзымның символы, оның есімін ұрпақ жадында мәңгі қалдырудың көрінісі болады дейді Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Мерейтой аясында […]
Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай архив Алматыдан Астанаға көшірілді. Бұл ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ. Арнаулы ғимаратта мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы […]
“ГЕРАЛДИКАЛЫҚ ДӘСТҮРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ДАМУЫ” атты орталық қызметкерлерінің мақаласы шықты
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тарихшылардың ұлттық конгресі ұйымдастырған «ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ғылыми конференциясы өткізілді. Геральдикалық зерттеулер орталығынан А.С. Бижанов пен С.Б. Оразаевтың мақаласы шықты.
AIU университетінде «Менің туым – менің Отаным» акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар өтті
Астана халықаралық университетінде «Менің туым – менің Отаным» патриоттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар өтті. Іс-шараға «Геральдикалық зерттеулер орталығы» мамандары, AIU университетінің оқытушылары мен студенттер қатысты. «Геральдикалық зерттеулер орталығының» ведомстволық және өзге де наградаларды сараптау бөлімі басшысы Әділхайыр Мырзаханов орталықтың қызметімен таныстырып, жалпы геральдика саласының мәні мен маңызы туралы баяндады. Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов […]
Астанадағы Жеңіс шеруіне 4,5 мың адам қатысады
Жеңістің 80 жылдығына орай Астанада өтетін әскери парадқа 2,5 млрд теңге бөлінді. ҚР Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Виталий Адамович Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың ерекшеліктерін атады, деп хабарлайды Egemen.kz. Айта кетейік, шеру 7 мамырда Астанада «Қазақ елі» монументінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді деп жоспарланған. Шеру үш кезеңнен […]
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай ақынның өлеңіне жазылған жаңа ән радиодан шырқалды
Қазақтың көрнекті қаламгері Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай Қазақстан радио арналарының эфирінде ақынның «Махаббатым өзімде» өлеңіне жазылған әннің тұсаукесері өтті. Әннің музыкасын композитор Қадылбек Жағыпаров жазса, оны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, жас көрермен музыкалық театрының актрисасы Мақпал Дүйсен орындады. Музыкалық туындының жарыққа шығуына Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті. […]
Астанада Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті
Бүгін, 7 ақпанда Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті. ҚР Ұлттық музейінде өткен жиынға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің Мәдениет министрлері қатысты. Кеңес отырысында «Түркі әлемінің келешегі – 2040» […]
Менің туым – менің Отаным
«Менің туым – менің Отаным» патриоттық акциясы аясында Ілияс Жансүгіров атындағы № 58 мектеп-гимназиясында ақпараттық-танымдық семинар өтті. ⚜️Іс-шара барысында мекеме басшысы Шерхан Талапұлы Орталықтың негізгі қызметі мен мақсатын таныстырып өтті. Ал геральдикалық зерттеулер бөлімінің бас маманы Асылжан Бижанов мемлекеттік рәміздердің тарихы және олардың авторлары жайында баяндады. ⚜️Іс-шара соңында квиз интелектуалдық ойыны ойнатылып, белсенділік танытқан оқушыларға […]