Геральдикалық зерттеулер орталығындағы кездесу барысында оқу орнын бітіруші түлектерге арналған төсбелгі жобалары қарастырылып, әскери геральдика саласының өзекті мәселелері талқыланды.
Тараптар әскери геральдиканың негізгі талаптарын, символикалық элементтердің дәстүрлі тұтастығын және мемлекеттік стандарттарға сәйкестігін сөз етті. Орталық мамандары мен университет өкілі ұсынылған эскиздердің геральдикалық ережелерге сәйкестігін саралап, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ортақ бастамалардың бағыттарын айқындады.
Әскери символиканы жүйелеу мен ресми белгілерді стандарттауға бағытталған ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасын табады.
