1 қазан – Халықаралық қарттар күні! Бұл күн ерекше атап өтіліп, тәжірибесі мол, сондай-ақ өмірдің әр кезеңінен сүрінбей өткен ардақты жандарға құрмет көрсетіледі.
Қарттардың өмір жолы, атқарған ісі – ел тарихының бір бөлшегі, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Қарттық – өмірдің ең қымбат кезеңі.
Қария – тіршіліктің тұтқасы, ақылдың кені, өмірдің шежіресі. Олардың мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына қосқан үлесі орасан зор.
Салт-дәстүрді сақтап, елдің рухани бірлігін нығайтқан ақсақалдар мен ақ жаулықты аналардан жастардың үйренері көп. Қазыналы қариялар аман болсын!
