Бір күнде үш рет Әнұран шырқалды! Ибрагим Нұрмаханұлы – Азия чемпионы!
Қазақстандық пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Жапонияның Айти-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Спортшы J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарынан басым түсті. Осылайша, Ибрагим Нұрмаханұлы Азия Пара ойындарының чемпионы атанып, Қазақстан қоржынына алтын медаль салды.
🇰🇿 Ибрагим Нұрмаханұлы мен оның бапкерлер құрамын тарихи жеңісімен құттықтаймыз! Еліміздің көк туын биікте желбіретіп, Қазақстанның абыройын асқақтата берсін!311:15
Жаңалықтар
Posted in
Бір күнде үш рет Әнұран шырқалды! Ибрагим Нұрмаханұлы – Азия чемпионы!
Posted in
