Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жедел көмек көрсету құрылымдары апат кезінде шұғыл әрі үйлесімді әрекет еткеніне назар аударды. – Апаттың салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Біз бұған жол берген жоқпыз. Адам өмірін сақтап қалдық. Құтқару жұмыстары […]
Қазақстандағы музейлер мен театрлардың дамуы: мәдениет саласындағы негізгі оқиғалар
Мәдениет және ақпарат министрлігі жыл қорытындысын театр және музей саласындағы маңызды оқиғалармен түйіндейді. Театрлар мен музейлер мәдени мұраны сақтау және насихаттауда маңызды рөл атқарады. Биыл мәдениет саласын дамытуға бағытталған көптеген маңызды іс-шаралар мен бастамалар жүзеге асырылды. Енді негізгі оқиғалар мен жетістіктерге тоқталып өтейік. Бүгінде Қазақстанда 57 мемлекеттік театр жұмыс істейді. Биыл Атырау қаласында тағы бір […]
1991 жылы 26 желтоқсанда АҚШ президенті Буш Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы хат жолдады
Осыдан тура 33 жыл бұрын, 1991 жылғы 26 желтоқсанда АҚШ президенті Джордж Буш Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстанның тәуелсіздігін мойындау туралы хат жолдап, оны АҚШ-қа келуге шақырды. Америка Құрама Штаттары мемлекетіміздің егемендігін мойындаған алғашқы елдердің бірі болды. 1991 жылы 26 желтоқсанда АҚШ президенті Буш Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы хат жолдады. 33 жыл бұрын 1991 жылғы 26 […]
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ поэзиясының падишасы атанған қаламгердің шығармашылық мұрасын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. «Фариза Оңғарсынова қаншалықты өр мінезді, өршіл рухты болса, соншалықты кеңпейіл, жүрегі жұмсақ […]
Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимова Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды. Жоспарға театр фестивальдері, кино көрсетілімдері, конференциялар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сияқты түрлі мәдени іс-шаралар енгізілді. Сонымен қатар, келесі жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді. «Жоспарға енгізілген мәдени іс-шаралар соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің […]
Қазақстандық волонтерлер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр
Қазақстандық делегация Өзбекстан астанасында өтіп жатқан халықаралық волонтерлер форумына қатысуда. Биыл ТМД-ның жастар астанасы болған Ташкент өз жұмысын осы іс-шарамен қорытындылады. Іс-шараға еріктілер қозғалысының көшбасшылары, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің тәлімгерлері қатысты. Форум волонтерлік мәдениетті дамытуға және өңірдегі, әлемдегі волонтерлер күшін біріктіруге бағытталған. Форум аясында ТМД елдеріндегі волонтерлік қызметке арналған көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ БҰҰ-ның […]
Ұлытау облысында креативті хаб ашылды
Жезқазғанда ULYTAU CREATIVE HUB креативті хабының салтанатты ашылуы өтті. Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып, жергілікті креативті экономика өкілдерін қолдауға бағытталған. Мұнда оларға барлық қажетті цифрлық және шығармашылық жағдай жасалған. Ауданы 400 шаршы метр болатын ғимарат тақырыптық зертханаларға бөлінген. Атап айтқанда, 3D модельдеу, зергерлік өнер, ұлттық киім, кескіндеме залы, домбыра мен қобыз жасау шеберханалары […]
Архив, кітап ісі салаларындағы жетістіктер
Қазақстанда жыл сайын 22 желтоқсанда Архившілер күні атап өтіледі. 1998 жылы осы күні Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы Заң қабылданды. 2024 жылы Қазақстанның архив, кітап ісі және әдебиет салалары айтарлықтай нәтижеге жетті. Архивтердің тиімді қызметі, заңнамалық өзгерістер, халықаралық деңгейдегі кітап көрмелері мен ұлттық мәдениетке арналған жаңа бастамалар – еліміздің рухани дамуы мен тарихи мұраларын […]
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған іс-шаралардың гранд-финалы өтті
20 желтоқсанда Еркеғали Рахмадиев атындағы Үлкен концерт залында Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралардың гранд-финалы өтті. Кеште музыка өнерінің палитрасы мен жоғары орындаушылық шеберлік көрсеткен консерваторияның ең үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті. Симфониялық оркестр, этно-фольклорлық және камералық ансамбльдер, хор және консерваторияның дарынды солистері қазақ композиторларының шығармаларын, әлемдік классика шедеврлерін және біргей […]
Астанада Отбасын қолдау орталықтары жұмысының қорытындысы бойынша жиын өтті
Астанада Отбасын қолдау орталықтары мен қиын өмірлік жағдайда қалған отбасыларды ерте анықтау бойынша мобильдік топтар қызметі бойынша 2024 жылдың қорытындысына арналған жиын өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты. Айта кету керек, қазіргі уақытта елімізде 65 Отбасын қолдау орталығы (ОҚО) жұмыс істейді. […]