Геральдикалық зерттеулер орталығы 23 қазан күні сағат 11:00-де 25 қазан – Республика күніне орай «Егемендік – ел болашағының бастауы» атты дөңгелек үстел өткізбек.
Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің мән-маңызына кеңінен тоқталу, мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру.
Дөңгелек үстел ҚР Ұлттық музейінің Ғылыми кітапхана залында өтеді. Аталған іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатының депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар және басқа да белгілі тұлғалар қатысады.
