«Геральдикалық зерттеулер орталығының» мамандары “ҚР ҰҚК Шекара қызметі” республикалық мемлекеттік мекемесінде семинар өткізді.
Дәріске ҚР Қарулы Күштерінің Қазақстанның әскери полициясы мен Бас прокуратура өкілдері де қатысты.
Жиында «Тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар басқармасы» бастығының орынбасары, подполковник Данияр Cатарбаев мемлекеттік рәміздердің ел өміріндегі мәні мен маңызын атап өтті.

Семинарда мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, қолдану тәртібі мен жауапкершілігі жайлы сөз қозғалды. Сонымен қатар, елдік нышандардың әр азамат үшін маңызын тереңірек ұғынып, рәміздерді құрметтеу – мемлекеттілікті нығайтудың бір жолы екені айтылды.
Дәрістің негізгі мақсаты – әскерилердің патриоттық рухын оятып, отаншылдыққа баулу.
Жиын барысында белсенділік танытқан қатысушыларға орталық мамандары арнайы төсбелгі мен естелік сыйлықтар тарту етті.
Айта кетейік, бұл дәріс республикалық «Менің Қазақстаным» акциясы аясында елорда мектептері мен спорт федерациялары арасында, сондай-ақ әскери бөлімшелерде үздіксіз жалғасып келеді.