Атырауда қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің «Ұрпағым, саған айтам…» республикалық байқауы қорытындыланды.
Байқаудың мақсаты – ақынның әдеби мұрасын насихаттау, оның шығармашылығы арқылы жастарды адамгершілікке, ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар поэзиялық шығарма және прозалық шығарма аталымдары бойынша бақ сынады.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Көркем Дүйсенбаева (Маңғыстау облысы) жеңіп алды. І орынды Елдос Құлшарап (Атырау облысы) иеленді. ІІ орынға Ләззат Мүсілім (Шымкент қаласы) мен Айжан Бөлекбаева (Атырау қаласы) тұрақтады. ІІІ орын Владислав Горизанов (Қарағанды облысы), Ақберен Жолдасбек (Түркістан облысы) және Айнұр Нұрбекке (Жамбыл облысы) бұйырды.





