Жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында Әлихан Бөкейхан атындағы BINOM мектебінде кездесу өтті.
Орталық ұйымдастырған шара барысында мемлекеттік рәміздердің мәні мен маңызы, олардың ел тарихы мен тәуелсіздігіміздегі орны туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті. Шара соңында арнайы квиз ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.
