Бүгін “Геральдикалық зерттеулер орталығының” мамандары Ұлттық садақ ату федерациясының спортшыларына мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы туралы семинар-дәріс өткізді.
Дәрістің негізгі мақсаты – жас мергендердің бойында ұлттық рухты қалыптастырып, мемлекеттік нышандардың қазақ спортындағы елеулі рөлін айқындау.
Семинар барысында, спортшылар мен жаттықтырушылар рәміздердің тарихы, қолданылу тәртібі мен жауапкершілігі туралы мағлұмат алды. Орталық қызметкерлері шараға белсене қатысқандарға төсбелгі мен арнайы сыйлықтарды табыс етті.
Айта кетейік, бұл семинар Республикалық “Менің Қазақстаным” акциясы аясында бірнеше ай бойы еліміздегі мектептер мен ЖОО-ларда, сондай-ақ спорт федерацияларында тұрақты түрде өткізіліп келеді.