Жаңалықтар

«Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды

«Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы жарияланды. Бұл байқау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, патриоттық рухты нығайту және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Конкурс мобилография, шығармашылық жұмыстар және ғимараттар мен аулаларды безендіру бағыттары бойынша өткізілмек.

Жалпы жүлде қоры – 4 500 000 теңгені құрайды. Өтінімдер 2025 жылғы 6 қазаннан 22 қазанға дейін қабылданады. Қорытынды іс-шара Астана қаласында 25 қазан – Республика күні өтеді. Байқау ережесі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында жарияланған.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 74 05 51 телефонына хабарласуға болады. Өтінімдер bolashakkazakhstan2025@mail.com электронды поштасына жолдануы қажет.

Пікір қалдыру