Жаңалықтар

Полиция департаментінде мемлекеттік рәміздерге қатысты кездесу өтті

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Астана қаласының Полиция департаментіне арнайы барып, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен оған қатысты заңнамалық талаптарды түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.

Іс-шара барысында мамандар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді егжей-тегжейлі таныстырып, рәміздерді дұрыс қолдану мәдениетінің маңыздылығына баса назар аударды.

Кездесу ақпараттық-танымдық сипатта өтті. Мамандар маңызды мағлұматтарды ортаға салып, қатысушылардың сұрақтарына толыққанды жауап қатты.

Пікір қалдыру