Жаңалықтар

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаз спортшыларды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Алғыс хатпен марапаттады. ҚР Президенті боксшыларды құттықтап, бұл жеңістің еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін жеткізді.

– Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті рет шырқалды, Көк Туымыз жеті рет желбіреді. Барша жұртымыз сіздерге тілеулес болды, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Айта кетейік, Ливерпуль қаласында өткен халықаралық бокс бәсекесіне 68 мемлекеттен 540 спортшы қатысты. Ұлттық құрама 7 алтын, 1 күміс және 2 қола медальмен командалық есепте топ жарды.

Пікір қалдыру