Жаңалықтар

Республикалық семинар қорытындыланды

«Мемлекеттік рәміздер және геральдика мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинардың екінші күнінде Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Шерхан Талап қатысушыларды алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырып, іс-шараны жүргізіп отырды. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және орналастыру тәртібі туралы Геральдикалық зерттеулер орталығы Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов баяндама оқыды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ici комитеті Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы Гүлдана Аргенова жұмыс барысында кездесетін мәселелерге тоқталды. 

Қатысушылар ой-пікірлерін ортаға салды, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерге, өңірлік нышандарға қатысты мәселелер талқыланды. Іс-шара соңында қатысушыларға сертификаттар берілді.

Республикалық семинарды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Геральдикалық зерттеулер орталығы ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру.

Айта кетейік, бұл іс-шара 4 желтоқсан күні басталды. Спикерлер мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері, мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған жұмыстар, патриотизм, өңірлік нышан жобасын әзірлеу қағидалары, халықаралық тәжірибедегі өңірлік геральдика туралы сөз қозғап, өңірлік нышанды бекітуге қатысты тәжірибесін бөлісті.

Пікір қалдыру