Домбыра – ұлттың үні, тарихы мен тағдырының, салт-дәстүрі мен мәдениетінің символы. Қос ішектің қоңыр үні арқылы ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұрамыз бүгінде халқымыздың бірлігін, елдігіміз бен ұлттық болмысымызды айшықтап келеді.
Ұлттық домбыра күні – төл өнерімізді дәріптеп, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттайтын ерекше мереке. Осы айтулы күнде баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, амандық пен толағай табыс тілейміз. Домбырамыздың үні ешқашан үзілмей, қазақтың қасиетті өнері мәңгі жасай берсін!
Ұлттық Домбыра күні құтты болсын!
