Астана қаласында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің «Отандастар қоры» КеАҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Кездесу барысында тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын талқылап, өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелерін қарастырды.
Аталған меморандум мемлекеттік рәміздер мен ұлттық геральдиканы кеңінен насихаттауға, тарихи-мәдени мұраны дәріптеуге және шетелдегі қандастармен рухани байланысты нығайтуға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
