Новости
Posted in

Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовқа арналған музыкалық инсталляция орнатылды

Posted in

Астана қаласындағы Шәмші Қалдаяқов көшесінде даңқты композитордың мұрасына тағзым ретінде «Шәмші әлемі» атты музыкалық инсталляция орнатылды. Шәмші Қалдаяқов көшесі – Астананың ең танымал әрі көрікті көшелерінің бірі. Бұл музыкалық инсталляцияда композитордың ғұмыр жолы мен аңызға айналған әндерінің әуені енгізілген.

Астана аспанында қалықтаған Шәмші әндері қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше әсерге бөлеуде. Бұл ән өнеріне, қазақ мәдениетіне, руханиятына деген құрмет, көрнекті сазгердің мұрасын насихаттауға бағытталған нәтижелі іс.  

Оставить отзыв