Шерхан Талап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін Филология, әдебиеттану және әлем тілдері мамандығы бойынша тәмамдаған. Академиялық алмасу бағдарламасы бойынша Гази университетінде (Анкара, Түркия) білім алған.
2013 жылы Massaget.kz танымдық-ақпараттық порталында контент-менеджер, 2015-2019 жылдар аралығында Ult.kz ақпараттық порталының Бас редакторы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде» ақпараттық-имидждік жұмыс бөлімінде менеджер, ғылыми әдістемелік жұмыс бөлімінің ескерткіштерді зерттеу секторында сарапшы, сондай-ақ директордың кеңесшісі лауазымдарында еңбек еткен. «Топ пресс медиа» ЖШС-да редактор, ҚР Президенттік орталығында жетекші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген.
2022-2023 жылдары «Қазтелерадио» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің штаттан тыс кеңесшісі, 2023-2024 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшісі болып қызмет еткен. 2025 жылдан қазіргі уақытқа дейін Геральдикалық зерттеулер орталығының директоры қызметін атқарып келді.
Ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Шерхан Талаптың жаңа жұмысына сәттілік тілейміз!
