Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, мемлекетіміздің ең қастерлі құндылығы, елдігіміздің берік тұғыры. Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, ұлттық рух пен тарихи сабақтастықтың айқын көрінісі.
Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыз мемлекет абыройын асқақтата берсін. Әнұранымыз әлем төрінде шырқалып, Тәуелсіз Қазақстанның беделі мен мерейі арта бергей.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, мемлекетіміздің болашағы баянды болсын!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
