Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мемлекет басшысының атынан қоғамдық қызметі мен еліміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыстады. Марапатталғандар: «Құрмет» ордені – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының «Музыкатану және композиция» кафедрасының профессоры Өтеғалиева Сәуле Ысқаққызы; «Ерен еңбегі үшін» медалі – Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Тасбергенова Гаухар […]
Метка: Аида Балаева
Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай архив Алматыдан Астанаға көшірілді. Бұл ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ. Арнаулы ғимаратта мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы […]
Астанада Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті
Бүгін, 7 ақпанда Астанада ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры кеңесінің ІІ отырысы өтті. ҚР Ұлттық музейінде өткен жиынға Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев, сондай-ақ ұйымға мүше елдердің Мәдениет министрлері қатысты. Кеңес отырысында «Түркі әлемінің келешегі – 2040» […]
Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болып, мемлекеттік рәміздерге қатысты құнды деректермен танысты
Бүгін Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде болып, мемлекеттік рәміздерге қатысты құнды деректермен танысты. 📎 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Оның құрамына Салық Зиманов, Ербол Шәймерденов, Серікболсын Әбділдин, Серік Әбдрахманов сынды қайраткерлер кірді. 📎Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір […]
Аида Балаева зиялы қауымды Президент айқындаған құндылықтарды насихаттауға шақырды
Бүгін, 16 қаңтарда, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды. Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік стипендияға 75 адам ие болды. Аида Балаева стипендия иегерлерін құттықтап, олардың қазақ мәдениетін дамытуға зор үлес қосқанын атап өтті. Министр шығармашылық зиялы қауым мәдени бірегейлікті сақтау, ел бірлігін […]
Аида Балаева “Қазақфильм” жұмысындағы оң өзгерістер туралы айтты
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева “Қазақфильм” киностудиясы төңірегіндегі бірнеше мәселе туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. “Бүгін Мемлекет басшысы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметіне қатысты және бірқатар маңызды жаңашылдықтарды қамтитын Заңға қол қойды. Атап айтқанда, Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясы өзінің жаңа даму кезеңіне қадам баспақ. Енді елімізде түсірілетін фильмдерді қаржыландырудың жалпы көлемінің кемінде 30%-ы […]
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және ақынның ұлы Алмас Оңғарсынов қатысты. ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақ поэзиясының падишасы атанған қаламгердің шығармашылық мұрасын жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. «Фариза Оңғарсынова қаншалықты өр мінезді, өршіл рухты болса, соншалықты кеңпейіл, жүрегі жұмсақ […]
Қазақстан мен Ресей Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарын бекітті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мен Ресейдің Мәдениет министрі Ольга Любимова Жеңістің 80 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойды. Жоспарға театр фестивальдері, кино көрсетілімдері, конференциялар, көрмелер мен дөңгелек үстелдер сияқты түрлі мәдени іс-шаралар енгізілді. Сонымен қатар, келесі жылы Ресейде Қазақстан мәдениет күндері өтеді. «Жоспарға енгізілген мәдени іс-шаралар соғыс ардагерлері мен тыл еңбекшілерінің […]
Аида Балаева: идеологиялық саясатты іске асыру кешенді тәсілді талап етеді
Мәдениет және ақпарат министрі “Казахстанская правда” сұхбатында ведомствоның өткен жылдағы қызметін қорытындылап, жақын арада жұмыс майданын белгіледі. -Менің ойымша, министрлік белгілі бір бағыттарға баса назар аударады деп айту дұрыс емес, өйткені олардың әрқайсысы жеке-жеке және барлығы бірге терең мазмұнға толы және идеологиялық саясатты іске асыру аясында Мемлекет басшысының алдымызға қойған міндеттерін шешуді қамтамасыз етуге арналған. […]