Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды. «Мемлекет басшысы 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны беру туралы өкімге қол қойды», – делінген Ақорда баспасөз қызметінің хабарламасында. 2024 жылы мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия берілген адамдардың дербес құрамымен сілтеме арқылы танысуға болады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Метка: Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент білім беру және бала құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік наградалар, білім беру және баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Президент Әзербайжанның әуе компаниясына тиесілі ұшақ жолаушыларын құтқаруға қатысқан бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар. Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалисі […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
Президент Маңғыстау облысында болған ұшақ апатынан Қазақстан азаматтары да қаза тапқанына тоқталып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына тағы да көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев жедел көмек көрсету құрылымдары апат кезінде шұғыл әрі үйлесімді әрекет еткеніне назар аударды. – Апаттың салдары бұдан да ауыр болуы мүмкін еді. Біз бұған жол берген жоқпыз. Адам өмірін сақтап қалдық. Құтқару жұмыстары […]
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало шағын құрамда келіссөз жүргізді
🇰🇿Біздің Президент: – Біз екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға мүдделіміз. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың келешегі зор деп санаймын. Ол үшін үкіметтер өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға бар күш-жігерін салады. Сонымен қатар халықаралық өзекті мәселелерге қатысты ұстанымдарымыз ұқсас. Біз басты халықаралық құрылымдардағы, ең алдымен, БҰҰ және Ислам ынтымақтастық ұйымындағы Сіздің еліңіздің өкілдерімен байланысты күшейтуге дайынбыз 🇬🇼Умару Сисоку […]