Жас ұрпақтың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру мақсатында Ақмола облысы, Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан атындағы орта мектебінде тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы мен маңызы кеңінен түсіндіріліп, олардың ел бірлігін нығайтудағы және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы айрықша орны туралы мазмұнды ақпарат берілді.
Кездесу кезінде мектеп оқушылары белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, пікірлері мен ойларын ортаға салды. Еркін форматтағы пікір алмасу барысында жасөспірімдер ел тарихы, ұлттық құндылықтар және мемлекеттік рәміздер тақырыбында өз білімдерін толықтырды.
Шараның қорытынды бөлімінде қатысушылардың білімін пысықтап, танымдық қызығушылығын арттыру мақсатында арнайы квиз ұйымдастырылды. Белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен оқушылар мен іс-шараның өтуіне атсалысқан ұйымдастырушы ұстаздарға естелік сыйлықтар табысталды.
