Қазақстан мен Бельгия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар аясында Астана қаласының көшелері Қазақстан Республикасының және Бельгия Корольдігінің мемлекеттік туларымен безендірілді.
Салтанатты рәсім барысында Ақордада Қазақстан Республикасының және Бельгия Корольдігінің мемлекеттік Әнұрандары орындалды.
Мемлекеттік тулар мен Әнұрандардың ресми іс-шараларда қатар қолданылуы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың қалыптасқан хаттамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік рәміздер әр мемлекеттің егемендігі мен ұлттық бірегейлігін білдіреді.
