Жаңалықтар

Алматы студенттері «Менің Қазақстаным!» акциясын бастады

Алматы студенттері «Менің Қазақстаным!» акциясын бастады

25 қазан – Республика күні қарсаңында Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері «Менің Қазақстаным!» патриоттық акциясына қосылды.

Қатысушылар бірігіп «Атамекен» әнін орындап, эстафетаны еліміздің өзге жоғары оқу орындарына жолдады.

Акцияның мақсаты – жастарды Республика күнін мерекелеуге жұмылдырып, ел бірлігі мен ұлттық рухты дәріптеу.

Тәуелсіз Қазақстан өркендеп, болашағы жарқын болсын!