«Жұлдыз» журналына «МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ҚҰРМЕТ – МӘДЕНИЕТ АРҚЫЛЫ ОРНЫҒАТЫН ҚҰНДЫЛЫҚ» тақырыбында Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Шерхан Талаппен сұхбат жарияланды. Сұхбаттың толық нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз. – Шерхан Талапұлы, бабаларымыздың дүниетанымында байрақ жай ғана елдің бөгенайлы белгісі емес, еркіндіктің ерекше нышаны болды. Байрақ жығылса – елдің еңсесі түсіп, ал ту тігілсе халықтың рухы көтерілген. Демек, байрақ […]
Геральдикалық зерттеулер орталығына – 5 жыл!
Биыл – Геральдикалық зерттеулер орталығы үшін мерейлі белес. Орталықтың құрылғанына 5 жыл толып отыр. 2021 жылы 31 наурызда өз жұмысын бастаған бұл мекеме ұлттық рәміздерді зерттеу, насихаттау жолында жүйелі әрі нәтижелі қызмет атқарып келеді. Осы уақытқа дейін Геральдикалық зерттеулер орталығын Әлібек Асқаров, Асылбек Байжұма, Қалқаман Сарин сынды белгілі тұлғалар басқарды. Бүгінгі таңда ұжымға Шерхан Талап […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды
Ақордада әйгілі альпинист Ерванд Ильинскийге жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы Қазақстан мен әлем альпинизмінде аты аңызға айналған тұлғамен жүздескеніне қуанышты екенін жеткізді. – Өзіңіздің зор қажыр-қайратыңыз бен аса жоғары кәсібилігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасының көк Туы Жер шарының асу бермес асқарларында желбіреді. Әлемнің ең биік […]
Бүгін – ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібекұлының туған күні
1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік рәміздерін дайындауға жұмыс тобы құрылғандығы және елтаңба, ту, әнұран жобаларына байқау жарияланғаны туралы Жоғарғы Кеңес Президиумының Қаулысы шықты. Осы байқауға көптеген талантты ақындар, сазгерлер, суретшілер мен сәулетшілер қатысты, олардың қатарында Ж. Мәлібеков те болды. «Құрмет» орденінің, I дәрежелі «Барыс»» орденінің иегері Жандарбек Мәлібекұлы 1992 жылғы сәуір айының соңында […]
23 наурыз – Тазару күні
Бұл күн – табиғатпен бірге жаңарып, жан-дүниемізді тазартуға, өткенге есеп беріп, болашаққа нық қадам жасауға үндейтін ерекше мереке. Тазару күні – айналамызды ғана емес, ойымызды да жаңғыртып, жақсылыққа ұмтылудың символы. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, отбасыларыңызға амандық пен береке тілейміз. Әр шаңырақта шаттық пен жылулық орнап, игі істеріңіз еселене берсін!
22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні
Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің символы. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жанданатын бұл мереке – халқымыздың бай дәстүрі мен терең тарихының айқын көрінісі. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, молшылық пен ырыс-несібе әкелсін! Осы жарқын мереке әрбір отбасыға амандық, денсаулық, бақ-береке сыйласын. Ел бірлігі нығайып, татулығымыз артып, тәуелсіз еліміздің мерейі үстем […]
21 наурыз – Ынтымақ күні
Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен татулығын, өзара сыйластық пен түсіністікті дәріптейтін ерекше мереке. Ынтымақ пен бірлік бар жерде береке мен тұрақтылықтың орнайтыны анық. Сондықтан да бұл күн – қоғамдағы келісім мен достықтың, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі. Еліміздің өсіп-өркендеуі, жарқын болашағы – баршамыздың өзара қолдауымыз бен ауызбіршілігімізге тікелей байланысты. Осы ретте әрқайсымыз ел […]
Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауиді әлемнің әрбір түкпірінде, әсіресе, ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеу қажеттігін жеткізді. Ғұламаны Қазақстан жұртшылығына танымал етудің маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысының сөзінше, бұл бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи тұлғаның мұрасын кеңінен танытуға бағытталған. Жаңа орден белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, […]
Ораза айт мерекесі құтты болсын!
Бұл ұлық мейрам – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен қайырымдылықтың айғағы. Бір ай бойы ізгілікке ұмтылған жандар үшін Ораза айт – қуаныш пен берекенің, татулық пен бірліктің символы. Осы жарқын мереке әр шаңыраққа амандық, ырыс-береке, шаттық пен молшылық әкелсін! Жүректеріңізге жылулық ұялап, игі істеріңіз еселене берсін. Елімізде тыныштық пен тұрақтылық орнап, әр күніміз жақсылыққа […]
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Бұл мереке – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық ойындарымызды дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын көрінісі.Ұлттық спорт – халқымыздың рухани байлығы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол ұлттың күш-қайратын, ептілігі мен төзімділігін ғана емес, бірлік пен ынтымағын да айқындайды. Бүгінгі күні ұлттық ойындарымызды жаңғыртып, оны кеңінен насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, […]
