Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады. – Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке сіздер үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ […]
Uncategorized
Ұлттық құрылтайдың секция отырысында әлеуметтік-мәдени дамудың өзекті мәселелері талқыланды
Қызылордада V Ұлттық құрылтай аясында «Әлеуметтік-мәдени даму» секциясының отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрағалық етті. Талқылауға Парламент депутаттары, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және қоғам қайраткерлері қатысты. Жиынды ашқан Аида Балаева Ұлттық құрылтайдың қоғам үшін маңызы зор, тұрақты әрі жүйелі диалог алаңына айналғанын атап өтіп, онда ел […]
Мемлекет басшысы Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) президенті Йохан Элиашты II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
Кездесуде Қазақстанның Халықаралық шаңғы спорты федерациясымен ынтымақтастық перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде 85 мыңнан аса адам шаңғы спортымен тұрақты түрде шұғылданатынын атап өтті. Сондай-ақ Қазақстанда тау шаңғысы мен шаңғы жарысы кешендері, халықаралық деңгейдегі мұз ареналары секілді заманауи инфрақұрылымдар бар. Мемлекет басшысы еліміз жақында Италияда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатқанын жеткізді. FIS президенті спортқа […]
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған асыл арманы, мемлекетіміздің ең қастерлі құндылығы, елдігіміздің берік тұғыры. Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен ынтымағының, ұлттық рух пен тарихи сабақтастықтың айқын көрінісі. Көк Туымыз әрдайым биікте желбіреп, Елтаңбамыз мемлекет абыройын асқақтата берсін. Әнұранымыз әлем төрінде шырқалып, Тәуелсіз Қазақстанның беделі мен мерейі арта бергей. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз […]
Геральдикалық зерттеулер орталығы Тәуелсіздік күніне орай кездесу өткізді
Геральдикалық зерттеулер орталығының ұйымдастыруымен Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында «Ұрпақ сабақтастығы: Желтоқсаншылар және бүгінгі жас» тақырыбында кездесу өтті. Бұл кездесу Тәуелсіздік күніне орай Желтоқсан оқиғасының куәгерлері мен мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсат-міндеті – ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, жасөспірімдерді патриотизмге баулу, сондай-ақ олардың Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлт тарихын тереңірек білуге деген құлшынысын арттыру. Кездесуге […]
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңына – 30 жыл!
1991 жылы егемендікке қол жеткізгеннен кейін мемлекет басқарудың жаңа жүйесін құруға кірісті. Елдің ішкі және сыртқы саясаты, ұлттық қауіпсіздігімен қатар, мемлекеттік символдар мен наградалар жүйесі де жаңадан қалыптасуға тиіс болды. 1993 жылы Конституция қабылданған соң заңнамалық негіздерді жетілдіру жұмысы басталды. Осы кезеңде азаматтардың еңбегін ел алдында бағалайтын, ұлттық мақтаныш пен патриотизмді оятатын марапат жүйесі қажет еді. Осылайша 1995 жылы 12 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының […]
«Tańba quiz» интеллектуалдық ойынында «Historia Nova» тобы жеңімпаз атанды
Тәуелсіздік күніне орай «Tańba quiz» интеллектуалдық ойыны өтті. Оған Астана қаласындағы жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған бірнеше топ қатысты. Интеллектуалдық ойынды Геральдикалық зерттеулер орталығы мен Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы ұйымдастырды. Геральдикалық зерттеулер орталығы Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов зияткерлік сайыстың мән-маңызына тоқталып, ойын шарттарымен таныстырды. Іс-шара барысында қатысушыларға қазақ геральдикасы, әлем геральдикасы […]
Республикалық семинар қорытындыланды
«Мемлекеттік рәміздер және геральдика мәселелері» тақырыбындағы республикалық семинардың екінші күнінде Геральдикалық зерттеулер орталығы директорының м.а. Шерхан Талап қатысушыларды алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырып, іс-шараны жүргізіп отырды. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану және орналастыру тәртібі туралы Геральдикалық зерттеулер орталығы Геральдикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов баяндама оқыды. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ici […]
4-5 желтоқсан күндері Астанада геральдика мәселелеріне қатысты республикалық семинар өтеді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті мен Геральдикалық зерттеулер орталығы 4-5 желтоқсан аралығында «Мемлекеттік рәміздер және геральдика мәселелері» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырады. Іс-шараның басты мақсат-міндеті – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, оларға құрметпен қарау және насихаттау, сондай-ақ патриоттық рухты қалыптастыру. Танымдық семинар барысында спикерлер мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне кеңінен тоқталып, олардың символдық […]
Мемлекеттік рәміздерге арналған семинар – Теміртауда
27 қараша күні Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану және насихаттау мәселелеріне арналған семинар өтті. Семинар барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихы, символикалық мағынасы және қолданылу тәртібі туралы кең көлемде ақпарат берілді. Іс-шарада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ici комитеті Геральдикалық жұмыс басқармасының басшысы […]
