Uncategorized

12 қазан – Мемлекеттік Ту авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні

Бүгін – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, белгілі суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шәкен Оңласынұлы Ниязбековтің туған күні. Ол – халқымыздың рухын, еліміздің тәуелсіздігін айшықтаған рәміз – Көк Тудың авторы. Мемлекеттік Туымыздағы ашық көк түс – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ал күн мен қыран бейнесі – болашаққа ұмтылған еркін елдің символы. Шәкен Ниязбековтің бұл еңбегі – […]

Толығырқ 12 қазан – Мемлекеттік Ту авторы Шәкен Ниязбековтің туған күні 1 мин оқу үшін

Мемлекеттік Әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденовтің торқалы тойы тойланды

Атырау облысында 8-11 қазан аралығында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған мәдени іс-шаралар өтті. Ең әуелі «Ұрпағым, саған айтам…» республикалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы оздырылып, қорытындыланды. Торқалы той меймандары Қошалақтың құмындағы Ашақ төбесіне барып, ақын рухына тағзым етті. Құрманғазы ауданының орталығында Жұмекен, Қадыр, Тұманбай […]

Толығырқ Мемлекеттік Әнұранның авторы Жұмекен Нәжімеденовтің торқалы тойы тойланды 1 мин оқу үшін

Көркемсөз шеберлері Жұмекен жырын оқыды

Атырауда қазақтың көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жұмекен Нәжімеденов атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің «Ұрпағым, саған айтам…» республикалық байқауы қорытындыланды. Байқаудың мақсаты – ақынның әдеби мұрасын насихаттау, оның шығармашылығы арқылы жастарды адамгершілікке, ұлттық рухқа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Байқауда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қатысушылар поэзиялық шығарма және прозалық шығарма аталымдары бойынша бақ сынады. […]

Толығырқ Көркемсөз шеберлері Жұмекен жырын оқыды 1 мин оқу үшін

«Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды

«Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы жарияланды. Бұл байқау Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау, патриоттық рухты нығайту және ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Конкурс мобилография, шығармашылық жұмыстар және ғимараттар мен аулаларды безендіру бағыттары бойынша өткізілмек. Жалпы жүлде қоры – 4 500 000 теңгені құрайды. Өтінімдер 2025 жылғы 6 қазаннан 22 қазанға дейін […]

Толығырқ «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауы басталды 1 мин оқу үшін

Полиция департаментінде мемлекеттік рәміздерге қатысты кездесу өтті

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Астана қаласының Полиция департаментіне арнайы барып, мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі мен оған қатысты заңнамалық талаптарды түсіндіру мақсатында кездесу өткізді. Іс-шара барысында мамандар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына қатысты нормативтік-құқықтық актілерді егжей-тегжейлі таныстырып, рәміздерді дұрыс қолдану мәдениетінің маңыздылығына баса назар аударды. Кездесу ақпараттық-танымдық сипатта өтті. Мамандар маңызды мағлұматтарды ортаға салып, […]

Толығырқ Полиция департаментінде мемлекеттік рәміздерге қатысты кездесу өтті 1 мин оқу үшін

Ұстаздар күні құтты болсын!

5 қазан – Ұстаздар күні құтты болсын! Ұстаздар қауымы білімнің шамын жағып, әр балаға бағыт-бағдар беріп, олардың өмір жолын дұрыс таңдауына себепкер болып келеді. Олардың ұрпақ тәрбиелеудегі рөлі зор. Тынымсыз еңбегі, кәсібилігі және шәкірттерге деген шынайы жанашырлығы арқасында қоғамда парасатты, отаншыл азаматтар қалыптасты. Ұстаздарға зор денсаулық, шығармашылық табыс пен қажымас қайрат тілейміз! Олардың жауапты жұмысы […]

Толығырқ Ұстаздар күні құтты болсын! 1 мин оқу үшін

Қазыналы қариялар – ақылдың кені

1 қазан – Халықаралық қарттар күні! Бұл күн ерекше атап өтіліп, тәжірибесі мол, сондай-ақ өмірдің әр кезеңінен сүрінбей өткен ардақты жандарға құрмет көрсетіледі. Қарттардың өмір жолы, атқарған ісі – ел тарихының бір бөлшегі, өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Қарттық – өмірдің ең қымбат кезеңі. Қария – тіршіліктің тұтқасы, ақылдың кені, өмірдің шежіресі. Олардың мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуына […]

Толығырқ Қазыналы қариялар – ақылдың кені 1 мин оқу үшін

Туды жаңартатын кәсіби мамандар тәжірибесін бөлісті    

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күніне орай Мемлекеттік Туды ауыстыратын мамандардың жауапты жұмысын насихаттау мақсатында Астана қаласы Нұра ауданында орналасқан «Атамекен» этно-мемориалды кешеніне барды. Нұра ауданы әкімдігі техникалық қызмет көрсету тобының басшысы Аружан Қойшекенова мен кезекші оператор Нұрлан Бақытқалиұлы Тудың қай уақытта, қалай жаңартылатыны туралы біраз мағлұмат айтты. – Ту […]

Толығырқ Туды жаңартатын кәсіби мамандар тәжірибесін бөлісті     1 мин оқу үшін

Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды

Грек-рим күресінен әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақ дәрежесінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль алды. Хорватия астанасының қақ төрінде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалды. Тәжірибелі балуан араға біраз жыл салып, Бахтияр Байсейітов, Мхитар Манукян сынды спортшылардың жеңісті жолын жалғады. Бахтияр Байсейітов 1998 жылы, Мхитар Манукян 1999 жылы әлем чемпионы атанған. Айдос Сұлтанғали бұған дейін […]

Толығырқ Айдос Сұлтанғали әлем чемпионы атанды 1 мин оқу үшін

 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаз спортшыларды марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Алғыс хатпен марапаттады. ҚР Президенті боксшыларды құттықтап, бұл жеңістің еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін жеткізді. – Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті […]

Толығырқ  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаз спортшыларды марапаттады 1 мин оқу үшін