Жаңалықтар

Геральдикалық зерттеулер орталығының маманы қазақ геральдикасы бойынша диссертация қорғады

Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің жетекші маманы Рамазан Маманов Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақ геральдикасының даму тарихы: тарихи талдау (1991-2025 жж)» тақырыбындағы диссертациясын сәтті қорғап, гуманитарлық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін алды.

Ол тарих ғылымдарының докторы Өмірбай Бекмағанбетовтің жетекшілігімен тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ геральдикасының қалыптасуын, дамуын зерделеп, ғылыми зерттеу жүргізді. Геральдикалық зерттеулер орталығында қызмет ете жүріп, қазақ геральдикасы бойынша магистрлік диссертациясын қорғаған жас маманның алдағы уақытта осы саланың өркендеуіне үлес қосатынына сенеміз.

Пікір қалдыру