14-қыркүйек – Отбасы күніне орай Геральдикалық зерттеулер орталығының ұжымы Мемлекеттік Елтаңба авторы, «Барыс» орденінің иегері Жандарбек Мәлібекұлының шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады.
Жандарбек Мәлібекұлы ақ тілегін ақтарып, тәжірибесімен бөлісіп, қазақ жұртшылығына бақ-береке, ырыс-ынтымақ тіледі.
Бұл – отбасылық құндылықтарды ұлықтап, ұрпаққа өнеге боларлық ізгі дәстүрді жалғау жолындағы маңызды қадам. Отбасы – қоғамның іргетасы, мызғымас тірегі.
