Жаңалықтар

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Қыран» орденін табыстады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысуға арнайы келген Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге алғыс айтып, оны «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.

Осы орден құрметті мейманға екі ел арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ айрықша құрмет белгісі ретінде берілді.  

Патриарх Кирилл өз кезегінде Қасым-Жомарт Кемелұлына қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықтың берік екенін жеткізді.

Айта кетейік, «Алтын Қыран» ордені – Қазақстан Республикасының ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі. Бұл марапат еліміздің халықаралық ынтымақтастығы мен достықты нығайтуға сіңірген айрықша еңбекті мойындау ретінде беріледі.

Пікір қалдыру