Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің интеллектуалдық дамуына серпін беретін маңызды Жарлыққа қол қойды. Құжат кітап оқу мәдениетін нығайтуға, білім мен инновацияны дамытуға бағытталған жаңа бастамаларды қамтиды.
Негізгі бағыттар:
- Заманауи кітапханалар мен цифрлық қоғамдық кеңістіктер ашылады;
- Отандық авторлар мен ұлттық құндылықтарды насихаттайтын шығармаларға қолдау күшейеді;
- 2026 жылдан бастап «Жылдың 10 оқырманы» республикалық жобасы іске қосылады;
- 2027-2031 жылдарға арналған «Зерделі ұлт» тұжырымдамасы қабылданады;
- «Кітапхана және кітап шығару ісі туралы» жаңа заң әзірленеді;
- Бірыңғай Ұлттық цифрлық кітапхана платформасы құрылады;
- Қазақ әдебиетін халықаралық деңгейде насихаттау жұмысы артады;
- Баспагерлер мен кітап тарату саласына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.
Бұл бастамалар оқитын, ойлайтын әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыруға жол ашады. Кітапқа жақын қоғамның келешегі де кемел болмақ!
