Бүгін, 10 маусым – Халықаралық геральдика күні. Бұл дата – адамзат тарихындағы маңызды мәдени құбылыстардың бірі саналатын геральдиканың бастауы ретінде таңдалған. Қазіргі таңда көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда да герб – мемлекеттіліктің маңызды рәмізі ретінде танылады. Ал геральдиканың өзі ғасырлар бойғы тарих пен дәстүрге негізделген ғылым саласы болып қалыптасты. Тарихшылардың айтуынша, гербтердің пайда болуы ХІ-ХІІ […]
Автор: Геральдикалық зерттеулер орталығы
Алматыда Қытай Ұлттық музейінің көрмесі өтті
5 маусымда Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде «Қытай өнерінің ой-мақсаттары – Қытай Ұлттық көркемөнер музейінің жауһарлары» атты көрме ашылды. Экспозицияға кескіндеме, графика және мүсіннің 50-ге жуық туындысы енген. Бұл еңбектерді Қытайдың ХХ-ХХI ғасырдағы белгілі суретшілері жазған, олар Сиэйи өнерінің дәстүрін жалғап келеді. Шеберлер өздерінің шығармашылығында стиль, техника және материалдардың ерекшеліктері арқылы тек […]
Рәміздер күні дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды
Бүгін Астанада 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні дүние есігін ашқан сәбилердің ата-аналарына сыйлықтар табысталды. Іс-шараны Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды. №3 Перинаталдық орталықта өткен мерекелік шараға министрлік өкілдері және ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші Светлана Айтбаева арнайы қатысты. Мереке күні өмірге келген сәбилер мен олардың аналарына ҚР Мәдениет және ақпарат министрі […]
Министр Аида Балаева мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады
Құрметті достар! Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл егемендік ұғымымен қатар жүретін, ел бірлігі мен тәуелсіздігіміздің символдарына деген құрметімізді білдіретін – айрықша күн. Мемлекеттік рәміздер – ұлтымыздың рухын, тарихи жолын және болашаққа деген сенімін айқындайтын қастерлі құндылықтар. Осы мерекеге орай баршаңызға зор денсаулық, ашық аспан, татулық пен мол игілік тілеймін! Мемлекеттік рәміздерімізді баға […]
Астанада Ербол Шаймерденовты еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті
Бүгін Астанада Мәдениет және ақпарат министрлігі, «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-нің ұйымдастыруымен тұңғыш рәмізтанушы, публицист-жазушы, ақын Ербол Шаймерденовты еске алуға арналған «Мемлекеттік рәміздер – елтаным негізі» атты конференция өтті. Алқалы жиын Ербол Шаймерденовтың мол мұрасын насихаттау, мемлекеттік рәміздерге деген терең танымды арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Конференцияға депутаттар, қоғам қайраткерлері, тарихшылар мен жазушылар, сонымен қоса мәдениет саласының қызметкерлері […]
Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Комиссия мүшелері Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес, ведомстволық наградалардың бірыңғай стандартын және тізімін әзірлеу жөніндегі мәселені талқылады. Басқосуда Мәдениет және ақпарат министрлігі ведомстволық наградаларды қолдану және жетілдіру үшін […]
Көкшетауда рәміздердің қоғамдағы рөлі мен қолдану тәртібі жөнінде дәріс өтті
Рәміздер күні қарсаңында Көкшетау қаласының №1 құрылыс техникалық колледжінде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» мамандарының қатысуымен ақпараттық-танымдық семинар өтті.Іс-шараға облыстық білім басқармасының өкілдері, колледж оқытушылары мен студенттері, сондай-ақ мектеп ұстаздары қатысты.Дәрістің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, отаншылдық рухты дәріптеу, ұлттық нышандардың тарихы жайлы тың ақпараттар беру. Семинарда ҚР […]
Геральдикалық зерттеулер орталығы Достық үйінде ақпараттық-танымдық семинар өткізді
Бүгін Достық үйінде Рәміздер күні қарсаңында «Геральдикалық зерттеулер орталығы» «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында ақпараттық-танымдық семинар ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру және жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері мен елордалық студенттер қатысты. Жиын барысында спикерлер мемлекеттік рәміздердің мәні мен мазмұны жайында ой бөлісіп, […]
«Геральдикалық зерттеулер орталығының» мамандары ҰҚК мемлекеттік шекара қызметінде семинар өткізді
«Геральдикалық зерттеулер орталығының» мамандары “ҚР ҰҚК Шекара қызметі” республикалық мемлекеттік мекемесінде семинар өткізді. Дәріске ҚР Қарулы Күштерінің Қазақстанның әскери полициясы мен Бас прокуратура өкілдері де қатысты. Жиында «Тәрбиелік және идеологиялық жұмыстар басқармасы» бастығының орынбасары, подполковник Данияр Cатарбаев мемлекеттік рәміздердің ел өміріндегі мәні мен маңызын атап өтті. Семинарда мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, қолдану тәртібі мен жауапкершілігі […]
Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталды
1 маусымнан бастап Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау басталады. Биылғы іріктеудің басты жаңалығы — үміткерлерге арналған квотаның әр түрлі сала бойынша жеке бөлінуі. Бұған дейін 60 мыңнан астам жас өз бағын сынап көрсе, соның тек 400-і резервке өткен. Бүгінде олардың 80 пайызы түрлі салаларда жауапты қызметтер атқарып жүр. Бұл жоба биыл төртінші рет ұйымдастырылып […]
