Наурыз – жаңару мен жасампаздықтың, береке мен бірліктің символы. Табиғат түлеп, тіршілік қайта жанданатын бұл мереке – халқымыздың бай дәстүрі мен терең тарихының айқын көрінісі. Ұлыстың ұлы күні әр шаңыраққа қуаныш пен шаттық, молшылық пен ырыс-несібе әкелсін! Осы жарқын мереке әрбір отбасыға амандық, денсаулық, бақ-береке сыйласын. Ел бірлігі нығайып, татулығымыз артып, тәуелсіз еліміздің мерейі үстем […]
Автор: Геральдикалық зерттеулер орталығы
21 наурыз – Ынтымақ күні
Бұл күн – халқымыздың бірлігі мен татулығын, өзара сыйластық пен түсіністікті дәріптейтін ерекше мереке. Ынтымақ пен бірлік бар жерде береке мен тұрақтылықтың орнайтыны анық. Сондықтан да бұл күн – қоғамдағы келісім мен достықтың, ортақ мақсат жолындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі. Еліміздің өсіп-өркендеуі, жарқын болашағы – баршамыздың өзара қолдауымыз бен ауызбіршілігімізге тікелей байланысты. Осы ретте әрқайсымыз ел […]
Мемлекеттік наградалар қатарына Қожа Ахмет Ясауи ордені енгізіледі
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты. Сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауиді әлемнің әрбір түкпірінде, әсіресе, ірі мемлекеттерде кең ауқымда дәріптеу қажеттігін жеткізді. Ғұламаны Қазақстан жұртшылығына танымал етудің маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысының сөзінше, бұл бастама ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және тарихи тұлғаның мұрасын кеңінен танытуға бағытталған. Жаңа орден белгілі отандық және шетелдік ғалымдарға, […]
Ораза айт мерекесі құтты болсын!
Бұл ұлық мейрам – рухани тазару мен сабырдың, мейірім мен қайырымдылықтың айғағы. Бір ай бойы ізгілікке ұмтылған жандар үшін Ораза айт – қуаныш пен берекенің, татулық пен бірліктің символы. Осы жарқын мереке әр шаңыраққа амандық, ырыс-береке, шаттық пен молшылық әкелсін! Жүректеріңізге жылулық ұялап, игі істеріңіз еселене берсін. Елімізде тыныштық пен тұрақтылық орнап, әр күніміз жақсылыққа […]
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Бұл мереке – ата-бабамыздан мирас болып қалған ұлттық ойындарымызды дәріптеп, салауатты өмір салтын насихаттаудың жарқын көрінісі.Ұлттық спорт – халқымыздың рухани байлығы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі. Ол ұлттың күш-қайратын, ептілігі мен төзімділігін ғана емес, бірлік пен ынтымағын да айқындайды. Бүгінгі күні ұлттық ойындарымызды жаңғыртып, оны кеңінен насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.Осы мереке күні баршаңызға зор денсаулық, […]
19 наурыз – Жаңару күні
Бұл күн – табиғат түлеп, тіршілік жаңарып, жаңа бастамаларға жол ашатын ерекше мереке. Жаңару күні – өткенді саралап, болашаққа нық қадам жасауға, тың идеялар мен игі істерге бастайтын маңызды кезең. Осы мереке аясында әрқайсымыз қоршаған ортамызды таза ұстап, табиғатты аялауға, қоғамға пайдалы іс жасауға ұмтылуымыз қажет. Бұл – ортақ үйіміздің көркеюіне қосылған үлкен үлес. Сіздерге […]
18 наурыз – Ұлттық киім күні
Ұлттық киім – халқымыздың мәдениеті мен тарихының айнасы, ата-бабамыздан қалған асыл мұра. Әрбір ою-өрнек ұлттың болмысын, рухани құндылықтарын айқындайды. Бүгінгі күн – сол құндылықтарды ұлықтап, ұлттық болмысымызды дәріптейтін ерекше мереке. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, шығармашылық табыс тілейміз! Ұлттық дәстүріміз әрдайым жаңғырып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін!
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Конституцияны қабылдауға арналған салтанатты жиын өтті
Ақордада өткен іс-шараға Премьер-министр Олжас Бектенов, Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Парламент Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері, облыс, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері, сондай-ақ Конституциялық комиссия мен Жалпыұлттық коалиция мүшелері қатысты. Құрмет қарауылы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын салтанатты түрде ортаға […]
Қазақстан Туы – әлемдегі ең үздік Ту
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы халықаралық Flags of the World Tournament байқауында І орынды иеленді. Бұл – әлемдегі ең ірі медиаплатформалардың бірі Reddit қолданушылары қатысқан онлайн-турнир. Дауыс беру қорытындысы бойынша көк Туымыз әлемдегі ең үздік Ту деп танылды. Финалда Қазақстан мен Кирибати Тулары бақ сынап, нәтижесінде еліміздің Туы жеңіске жетті. Жоба авторлары байқауды ұйымдастыру көп уақытты, […]
17 наурыз – Шаңырақ күні
Шаңырақ – бірліктің, берекенің және отбасы құндылықтарының қасиетті нышаны. Бұл күн – халқымыздың ынтымағы мен татулығын, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлердің өміршеңдігін дәріптейтін ерекше мереке. Қазақ үшін шаңырақ – тек баспана ғана емес, ол – тұтастықтың, рухани байланыс пен сенімнің белгісі. Әрбір шаңырақтың берік болуы – елдің қуаты мен тұрақтылығының көрінісі. Осынау мәні терең мерекеде шаңырақтарыңыз […]
