Грек-рим күресінен әлем чемпионатында Айдос Сұлтанғали 60 келі салмақ дәрежесінде қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль алды. Хорватия астанасының қақ төрінде Туымыз желбіреп, Әнұранымыз шырқалды. Тәжірибелі балуан араға біраз жыл салып, Бахтияр Байсейітов, Мхитар Манукян сынды спортшылардың жеңісті жолын жалғады. Бахтияр Байсейітов 1998 жылы, Мхитар Манукян 1999 жылы әлем чемпионы атанған. Айдос Сұлтанғали бұған дейін […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаз спортшыларды марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлем чемпионатындағы жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және Алғыс хатпен марапаттады. ҚР Президенті боксшыларды құттықтап, бұл жеңістің еліміз үшін тарихи оқиға, халқымыз үшін үлкен қуаныш екенін жеткізді. – Қазақстан 68 мемлекеттің арасынан үздік шығып, бірінші орынға ие болды. Әлемдік бәсекеде Әнұранымыз жеті […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Қыран» орденін табыстады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII cъезіне қатысуға арнайы келген Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллге алғыс айтып, оны «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Осы орден құрметті мейманға екі ел арасындағы рухани байланысты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін, сондай-ақ айрықша құрмет белгісі ретінде берілді. Патриарх Кирилл өз кезегінде Қасым-Жомарт Кемелұлына қонақжайлық […]
Қазақстан қоржынында 7 алтын
Ұлыбритания төрінде бокстан әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы жеті мәрте желбіреп, Мемлекеттік Әнұран жеті мәрте шырқалды! Бұл – ел мерейін үстем еткен отандастарымыздың ерен еңбегінің жемісі. Қазақстанның қоржынында 7 алтын медаль бар. Ливерпуль қаласында өткен халықаралық бокс бәсекесін World Boxing ұйымы ұйымдастырған. 68 мемлекеттен 540 спортшы бақ сынады. Ұлттық құрама 7 […]
Отбасы күні: Геральдикалық зерттеулер орталығының ұжымы Жандарбек Мәлібекұлын құттықтады
14-қыркүйек – Отбасы күніне орай Геральдикалық зерттеулер орталығының ұжымы Мемлекеттік Елтаңба авторы, «Барыс» орденінің иегері Жандарбек Мәлібекұлының шаңырағына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Жандарбек Мәлібекұлы ақ тілегін ақтарып, тәжірибесімен бөлісіп, қазақ жұртшылығына бақ-береке, ырыс-ынтымақ тіледі. Бұл – отбасылық құндылықтарды ұлықтап, ұрпаққа өнеге боларлық ізгі дәстүрді жалғау жолындағы маңызды қадам. Отбасы – қоғамның іргетасы, мызғымас тірегі.
Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мониторинг жүргізді
Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Астана қаласының аумағындағы сауда орталықтарын аралап, оқу құралдарындағы мемлекеттік рәміздердің қолданылу тәртібіне қатысты мониторинг жүргізді. Зерттеу барысында мектеп оқушыларына арналған күнделіктерде Мемлекеттік Әнұранның орыс тіліндегі нұсқасы берілгені анықталды. Бұл – қолданыстағы заңнамаға қайшы. Анықталған олқылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Мониторинг жұмыстары алдағы уақытта Геральдикалық зерттеулер орталығы мамандарының қатысуымен тұрақты түрде […]
Өтінім қабылдау жалғасуда
«Туған жерім менің, Қазақстаным» республикалық әңгімелер байқауына өтінім қабылдау 1-қазанға дейін ұзартылды. Әңгімелер байқауы көрнекті қаламгер, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұранының авторы Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл толуына және балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ұлан» республикалық газетінің 95 жылдығына орай ұйымдастырылуда. Сайысқа Қазақстанның түкпір-түкпірінде орналасқан мектептердегі 5-11(12) сынып оқушылары қатыса алады. Қатысушылар әңгімені өзі туралы қысқаша мәліметпен […]
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялады
2025 жылғы 8 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымдықтары, мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттары және алдағы кезеңге арналған стратегиялық міндеттер айқындалды. «Қазіргі бұлыңғыр заманда ең басты міндет – еліміздің егемендігін, жеріміздің тұтастығын нығайту. Ол үшін бірлігіміз бекем болуы керек. Халқымыз тату […]
Ақпараттық-танымдық экскурсия өтті
Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында мектеп оқушыларына арналған ақпараттық-танымдық экскурсия өтті. Бұл экскурсияны Геральдикалық зерттеулер орталығы Конституцияның 30 жылдығына орай ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақ арасында отансүйгіштік рухты нығайту, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері мен Ата Заңына құрметті арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Сонымен қатар оқушыларды азаматтық жауапкершілікке, патриоттық сезімге баулу көзделді. Экскурсияға Астана қаласында […]
Иордания Королі Қасым-Жомарт Тоқаевты «Әл-Нахда» жоғары орденімен наградтады
Король Мемлекет басшысының Иордания мен Қазақстан арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту ісіне елеулі үлес қосқанын атап өтті. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корольдіктің жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін ІІ Абдалла бен әл-Хусейнге және достас иордан халқына алғыс айтты. Қазақстан Президенті мен Иордания Королі кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізіп, оны екі елдің ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды. Мемлекет басшысы […]
