Жаңалықтар

  Амал мерекесі тойланды

              Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Амал мерекесі – ізгілік пен бірліктің белгісі» атты мәдени-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – Амал мерекесінің тарихи және мәдени маңызын кеңінен таныстыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және қоғамдағы ізгілік пен бірлік идеяларын насихаттау. Амал мерекесі – адамдардың бір-бірімен көрісіп, амандық сұрасу арқылы татулықты, бауырмалдықты және өзара құрметті нығайтатын ежелгі дәстүрлердің бірі. Бұл […]

Толығырқ   Амал мерекесі тойланды 1 мин оқу үшін

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мониторинг жүргізді

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары Астана қаласының Сарайшық ауданында мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында мамандар аудан аумағында орналасқан мемлекеттік мекеме, ұйым ғимараттарына арнайы барды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасының орналастырылу тәртібі мен жай-күйі тексерілді. Кейбір мекеме әкімшілігіне тозығы жеткен немесе талапқа сай келмейтін мемлекеттік рәміздерді ауыстыру керектігі айтылды.

Толығырқ Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары мониторинг жүргізді 1 мин оқу үшін

8 наурыз – «Менің Қазақстаным» әніне жан бітірген Жамал Омарованың туған күні

Қазақстанның халық әртісі Жамал Омарова 1912 жылы 8 наурыз күні дүниеге келген. Ол Мемлекеттік Әнұранға айналған «Менің Қазақстаным» әнін алғаш орындаған өнер иесі. Ол бұл әнді осыдан 70 жыл бұрын шырқады. Жамал Омарова ән өнерін дамытуға үлкен үлес қосқан тұлға. Ол Ташкент педагогикалық училищесінде оқыған. Музыкалық драмалық спектакльдердегі Мақпалдың, Қамқаның, Айманның образын жасады. Оның репертуарында […]

Толығырқ 8 наурыз – «Менің Қазақстаным» әніне жан бітірген Жамал Омарованың туған күні 1 мин оқу үшін

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

Аяулы аналар, ардақты арулар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздер – өмірдің шуағы, отбасының берекесі, қоғамның көркісіздер. Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жүректеріңіз мейірім мен бақытқа толы болсын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Көктемнің әр күні сіздерге қуаныш, шаттық және жаңа мүмкіндіктер сыйласын!

Толығырқ 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні 1 мин оқу үшін

Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің Баспасөз қызметі хабарлады. Рустам Әли 1984 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 2006 жылы «Деловая неделя» газетінде тілші болып бастаған. 2006-2011 жылдары — «Деловая неделя» газетінде […]

Толығырқ Рустам Әли ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды 1 мин оқу үшін

Алғыс айту күні құтты болсын!

Бұл мереке – татулық пен бірліктің, мейірім мен ризашылықтың символы. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз мәңгі болсын! Алғыс айту – жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады. Сондықтан күн сайын, тіпті, сағат сайын әртүрлі себептерге байланысты бір-бірімізге алғыс айтқанымыз артық болмас.

Толығырқ Алғыс айту күні құтты болсын! 1 мин оқу үшін

Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті халық қолдауына арқа сүйеп, елін алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, беделді саясаткер деп санайтынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сербия арасындағы байланысты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін Александр Вучичті еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. – Бұл – қазақ жұртының Сізге және Сербия халқына деген зор […]

Толығырқ Мемлекет басшысы Сербия Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады 1 мин оқу үшін

Геральдика мәселелеріне арналған мақала – «Ana tili» газетінде

«Ana tili» газетінің 2026 жылғы 26 ақпандағы №8 санында аталған үнпарақтың тілшісі Бағдат Сұлтанқызының «Ұлттық нышан және жаңа талап» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Мақала Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов пен Талдау және мониторинг бөлімінің бас маманы Сұлтан Оразаевтың ой-пікірлері негізінде жазылған.                         ҰЛТТЫҚ НЫШАН ЖӘНЕ ЖАҢА ТАЛАП Қазақстанда геральдика мәселесі соңғы […]

Толығырқ Геральдика мәселелеріне арналған мақала – «Ana tili» газетінде 1 мин оқу үшін

ҚР Мемлекеттік Туының қалыптасу тарихына қатысты мақала жарыққа шықты

Студенттер мен жас ғалымдардың «ǴYLYM JÁNE BILIM – 2025» Халықаралық ғылыми конференциясының баяндамалар жинағына Геральдикалық зерттеулер орталығы Зерттеу және сараптама бөлімінің басшысы Асылжан Бижанов пен Зерттеу және сараптама бөлімінің жетекші маманы Рамазан Мамановтың мақаласы жарияланды. Жинаққа студенттердің, магистранттардың, докторанттардың және жас ғалымдардың жаратылыстану-техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері бойынша материалдары енгізілген. Аталған мақаланы назарларыңызға ұсынамыз. […]

Толығырқ ҚР Мемлекеттік Туының қалыптасу тарихына қатысты мақала жарыққа шықты 1 мин оқу үшін

Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары «MURA» сарапшылар клубының жиынына қатысты

Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінде Сарапшылар клубының алғашқы отырысы өтті. Бұл – архив саласының болашағын ашық талқылауға арналған жаңа кәсіби алаңның бастауы. Жиынға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, Қазақстандағы БҰҰ-ның Тұрақты үйлестіруші кеңсесінің басшысы Куртмолла Абдулганиев, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының вице-ректоры Эльмира Оразалиева, Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бахтияр Мұхаметқалиев, […]

Толығырқ Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары «MURA» сарапшылар клубының жиынына қатысты 1 мин оқу үшін