Қосшы қаласында қазақ вальсінің королі атанған композитор, Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай ауқымды мәдени шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара барысында 307 жұп (яғни 614 адам) Шәмшінің мәңгілікке айналған әуеніне вальс билеп, әлемдік рекордты жаңартты. Бұл тарихи оқиға GLOBAL BOOK OF RECORDS ұйымы тарапынан ресми түрде әлемдік рекорд ретінде тіркеліп, арнайы сертификат […]
Геральдикалық зерттеулер орталығының мамандары ҚР Ұлттық Ұлан сарбаздарына семинар өткізді
Бүгін ҚР МАМ «Геральдикалық зерттеулер орталығы» РММ-ніің ұйымдастырумен Астана қаласында ҚР Ұлттық ұлан сарбаздарына арналған «Менің Қазақстаным» патриоттық акциясы аясында семинар өтті. Семинарға Ұлттық Ұлан сарбаздары мен әскери қызметкерлер қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – сарбаздар арасында мемлекеттік рәміздерді насихаттау, олардың бойларында паториоттық сезімді оятып, отансүйгіштікке баулу. Семинарда мемлекеттік рәміздердің тарихы, пайдалану тәртібі мен жауапкершілігі жайлы […]
ҚР жаңа паспортына қар барысының бейнесі енгізіледі
Қазақстан Республикасы паспортының жаңа үлгісінде қар барысының бейнесі пайда болады. Бұл туралы Үкімет отырысында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, министр міндетін атқарушы Бауыржан Әленов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz. Бауыржан Әленовтың айтуынша, Ішкі істер министрлігі ұлттық паспорттың қорғалу деңгейін арттыру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. «Бүгінде Қазақстан азаматтары 43 елге визасыз бара алады. Біздің паспорт барлық халықаралық стандарттарға […]
Әбілхан Қастеев атындағы музейде «Мерейтой иелері – 2025» көрмесі ашылды
2025 жылдың 18 шілдесінде Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Мерейтой иелері – 2025» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Экспозицияда бейнелеу өнерінің дамуына елеулі үлес қосып, еліміздің мәдени өмірінде өшпес із қалдырған суретшілердің туындылары жинақталған. Бұл көрмеде ХХ ғасырда қазақстандық бейнелеу өнері мектебінің қалыптасу кезеңінде еңбек еткен әр буын өкілдерінің шығармашылығы тоғысып жатыр. Олардың қатарында […]
Математикадан өткен халықаралық жарысқа еліміздің оқушылары көк туды желбіретуге аттанды
Аустралияның Саншайн-Кост қаласында мектеп оқушыларынаарналған ең беделді зияткерлік жарыстардың бірі – Математикадан халықаралық олимпиада (IMO) өтуде. Биылғы олимпиадаға әлемнің 100-ден астам елінен жас математиктер қатысып жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасы Қытайда өткен халықаралық дайындық жиындарынан кейінолимпиадаға жол тартты. Команда құрамында Haileybury Almaty, Spectrum International School, Nurorda Almaty, Республикалық физика-математика мектебі және «Білім-инновация» лицейінің 6 оқушысы бар. […]
Мемлекеттік сыйлықтарды табыстау бойынша брифинг өтті
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын табыстау мәселелері бойынша брифинг өтті. Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, «Ассамблея жастары» республикалық жастар ұйымының төрағасы, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тимур Жұмырбаев, сондай-ақ «TALAPAI» жобасының авторы, 2023 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының […]
Уфада «Көне Түркістан және Ясауи мұрасы» атты көрме ашылды
2025 жылдың 10 шілдесінде Башқұртстан Республикасының Ұлттық музейінде «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы ұсынған «Көне Түркістан және Ясауи мұрасы» тақырыбындағы халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияда Ұлы Жібек жолындағы басты орталық — ежелгі Түркістан тарихымен байланысты бірегей археологиялық олжалар мен мәдени жәдігерлер таныстырылды. Бүкіл түркі әлемінің рухани мәдениетіне терең әсер еткен XII ғасырдың көрнекті философы, […]
Президент су шаруашылығы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Президент су шаруашылығы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, саланың дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға мемлекеттік наградалар табыстады. Былтыр «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы бекітілген болатын. Бүгін бұл атақ су шаруашылығының бірқатар ардагеріне берілді. Мемлекет басшысы өз сөзінде су ресурстарын ұқыпты пайдалану мен су саласы үшін білікті кадрлар даярлаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен […]
«Tańba» ғылыми-әдістемелік клубының кезекті отырысы өтті
2025 жылғы 3 шілдеде Астанада ҚР Ұлттық музейінде «Геральдикалық зерттеулер орталығы» жанынан құрылған «Tańba» ғылыми-әдістемелік клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға министрлік өкілдері, белгілі тарихшылар мен геральдика саласының мамандары, жас зерттеушілер мен түрлі сала сарапшылары қатысты. Клуб жұмысының негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді зерттеу, оларды насихаттау және осы бағыттағы ғылыми-тәжірибелік мәселелерді саралау. Отырыста […]
Геральдикалық зерттеулер орталығының сарапшысы SARAP эксперттік клубының кезекті отырысына қатысты
Бүгін, Астана қаласында SARAP эксперттік клубының кезекті отырысы өтті. Жиынға сарапшылар, үкіметтік емес ұйым өкілдері мен азаматтық қоғам белсенділері қатысып, азаматтық қатысу мен әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелерін талқылады. Отырыстың күн тәртібінде екі негізгі тақырып қарастырылды. Бірінші секцияда жергілікті бастамаларды қолдау және азаматтардың шешім қабылдау процесіне қатысу деңгейі сөз болды. Сарапшылар бұл бағытта жүзеге асып жатқан […]
