Мемлекеттік рәміздер – елдің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін айқындайтын басты белгілердің бірі. Алайда Тудағы күн мен қыранның, Елтаңбадағы шаңырақ пен қанатты тұлпарлардың мәнін көпшілік күнделікті өмірде терең талдай бермейді. Ал геральдика тұрғысынан қарағанда, олардың әрқайсысының өзіндік символдық жүгі бар. Бір қарағанда бөлек көрінетін бұл бейнелердің барлығы қандай идеяға тоғысады? Қазақстанның Мемлекеттік рәміздеріндегі осы белгілердің мәнін Геральдикалық […]
Түркістаннан 1500 жылдық тарихы бар жұмбақ қала табылды
Түркістан облысы аумағындағы археологиялық зерттеулер тағы бір сенсациялық жаңалықпен толықты. Отандық ғалымдар мен зерттеушілер өңірдегі тасжолға жақын маңнан шамамен 1500 жылдық тарихы бар көне қала жұртын тапты. Ежелгі өркениеттің іздері сайын даладағы қарапайым жолдың шетінде жатқан. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жаңалық Ұлы Жібек жолы бойындағы қала мәдениеті мен көшпелілер мен отырықшылардың өзара байланысын жаңа қырынан тануға […]
Мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі енгізілді
Мәдениет пен өнер – ұлттық бірегейлігіміздің мызғымас тірегі. Сондықтан жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілді. Осы ретте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл мәртебелі марапаттар ұлт мәдениетіне қалтқысыз қызмет етіп, соның ішінде музыка және […]
15 тамыз – Мемлекеттік Әнұранның авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні
15 тамыз – қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранының авторы, ұлт мақтанышы Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Шәмші Қалдаяқов – қазақ ән өнерінің алтын қорына енген 300-ден астам әннің авторы, шығармашылығы халқымыздың рухани мұрасына айналған біртуар сазгер. Оның өміршең туындылары туған жерге деген сүйіспеншілікті, елге деген адалдық пен ұлттық рухты асқақтатып келеді. Шәмші […]
Қарахан дәуіріне жататын нумизматикалық жәдігерлер таныстырылды
Халықаралық археологтар күніне орай «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында «Тараз археологиясы: Қарахан мемлекетінен қалған нумизматикалық жәдігерлер» атты көрме ашылды. Көрмеге Тараз қаласындағы археологиялық ескерткіштерді зерттеу барысында табылған, Қарахан мемлекеті кезеңіне жататын 104 нумизматикалық жәдігер қойылды. Олардың қатарында тиындар мен басқа да археологиялық олжалар бар. Ұсынылған жәдігерлер ортағасырлық кезеңдегі ақша айналымы мен сауда-экономикалық байланыстарды зерделеуге […]
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
Мемлекет басшысы Ақорда төрінде өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болатын, ұлт мүддесі үшін қажырлы қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленіп келе жатқан бір топ азаматқа құрмет көрсетті. Атап айтқанда, көрнекті суретші, танымал өнер қайраткері Бәтима Зәуірбековаға «Отан» ордені, көрнекті әдебиеттанушы ғалым Тұрсын Жұртбайға I дәрежелі «Барыс» ордені, мемлекет қайраткері Александр Судьинге II дәрежелі «Барыс» ордені табысталды. […]
10 тамыз – Абай күні
Абайдың терең ойлары мен тағылымды шығармалары – халқымыздың рухани қазынасы, ұлттық санамыздың темірқазығы. Ұлы ақынның «толық адам» болуға үндеген өнегесі, білім мен ғылымды, еңбек пен адамгершілікті дәріптеген асыл мұрасы бүгінгі ұрпақ үшін де өз мәнін жойған жоқ. Абай шығармалары елді бірлікке, білімге, ізгілікке, адал еңбекке үндеп, әр адамды өз болашағына жауапкершілікпен қарауға шақырады. Оның даналығы […]
Қазақстан Республикасы Әскери соты департаментінде мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібі түсіндірілді
Қазақстан Республикасының Әскери соты департаментінде өңірлік әскери соттардың бейнеконференцбайланыс арқылы қатысуымен мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібіне арналған түсіндіру іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік рәміздердің тарихы, оларды ұлттық стандарттарға сәйкес пайдалану, талапқа сай келмейтін рәміздерді ауыстыру және жою тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар жиі жіберетін қателіктер бойынша нақты мысалдар мен кейстер қарастырылды. Геральдикалық зерттеулер орталығы […]
Мемлекет басшысының атынан архив саласының ардагерлері мен мамандарына мемлекеттік наградалар табысталды
Астанада Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің 20 жылдығына арналған «Архивтер: цифрлық трансформация, конституциялық құндылықтар, тарихи мұра» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Сауд Арабиясы және Тәжікстанның архив мекемелерінің басшылары мен мамандары, сондай-ақ архив саласының […]
«Azattyq Rýhy» ақпарат агенттігіне заңнамадағы өзгерістерге қатысты сұхбат жарияланды
Мемлекеттік рәміздер – ел тәуелсіздігі мен тұтастығының басты нышандары. Жақында оларды пайдалану тәртібіне қатысты заңнамаға бірқатар өзгеріс енгізілді. Осыдан кейін қоғамда «Енді Туды балконға ілуге болады екен», «көлікке қоюға рұқсат беріліпті» деген пікірлер жиі айтыла бастады. Кейбірі мұны жаңа мүмкіндік деп қабылдаса, енді бірі талаптар бұрынғыдан қатаңдап кеткенін алға тартады. Шын мәнінде қандай өзгерістер енгізілді? […]
